Президент Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

194
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kpn8cDQnFxxFZRObhoZbU7340pMPKD351lo7OCA0.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Омбы қаласына жұмыс сапары барысында майдангер, жазушы Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ақорданың мәліметінше, Президент соғыс ардагерлеріне арналған Омбы госпиталі ғимаратының қасбетіне орнатылған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Аталған медицина мекемесінде 1941 жылдың шілде айынан бастап майданда жараланған 150 мыңға жуық сарбаз ем қабылдаған. Олардың қатарында Мемлекет басшысының әкесі, соғыс ардагері Кемел Тоқаев та болған. Ол 1945 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында осы госпитальде емделген.

Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыдағы әскери госпитальдің құрылу тарихымен және оның қызметімен танысты.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Омбы қаласына Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу мақсатында жұмыс сапарымен барды.

댓글
기타 기사