90 миллионнан астам қаржы жымқырған алаяқ бес жылға сотталды

2836
Adyrna.kz Telegram

Қаржы пирамидасын құрып, 152 жәбірленушіден 90 млн-нан астам қаржы жымқырған алаяқ сотталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі Нұрмағанбет Нұрболдың шеберлігінің және күрделі жұмыстарының нәтижесінде 1982 жылы туылған, жұмыссыз, бұрын сотты болған әйел азаматша ұсталды. Ол қаржы пирамидасын құру арқылы 152 азаматтан 91 миллион 496 мың теңгеден астам қаржыны қолды еткен.

Келеңсіз оқиға 2019 жылдың тамыз айынан бастау алды. Ол “WhatsApp” желісінде “Ай-шуақ” тобын ашып, қаржылық (инвестициялық) пирамида құрып, оған басшылық жасаған. Топқа қосылған бірінші қатысушылар алғашқы салымдарын салып, 40 пайыз үстемесімен өз қаражаттарын қайтарып алып отырғаны белгілі болды. Жалпы айналымдағы қаржы 1 млрд 695 млн 538 мың теңгені құраған. Уақыт өте келе, артынан кірген пирамида қатысушыларына, құр уәде үйіп-төгіп, көзден таса болған.

Осы аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Қызылорда қалалық сотының шешімімен айыпталушы бес жылға бас бостандығынан айырылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер