Ақмола облысында салондары заңсыз жабдықталған автобустар анықталды

1590
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jFw2z5llsRjzPwiqFmlp7X6xoPJUV8N7EcOJ5dyS.jpg

Ақмола облысында салондары заңсыз қайта жабдықталған автобустар анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Биылдың өзінде өңірде полиция қызметкерлері көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 13 мыңнан астам жүргізушіні жауапқа тартқан. Құқық қорғаушылардың айтуынша, көліктің конструкциясын өз бетінше өзгерту жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, әсіресе жол апаты кезінде.

Бірінші жағдай Екатеринбург – Алматы автожолының 1291-шақырымында тіркелген. Полицейлер Van Hool маркалы автобусты тоқтатып, оның салондары толықтай ұйықтайтын орындарға айналдырылғанын анықтады. Салонда ересектер мен балалар автобус қозғалып жатқанда еркін жүрген.

Екінші жағдай Алматы – Астана – Қарағанды трассасында болған. Kässbohrer Setra автобусы да қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіндей қайта жабдықталған.

Екі автобуста жүргізушілерді қосқанда 70-тен астам адам болған. Жүргізушілерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.

ІІМ өкілдері жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші орында болуы керектігін ескертіп, көлікті қайта жабдықтау тек заңда көрсетілген тәртіппен жүргізілуі қажет екенін айтты.

Комментарии