Қоғам жанашыры су ресурстарын мемлекеттік бақылауға алу шешімін «ұлттық мүдде жеңісі» деп атады

456
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jUtTNjMtPzbKl6g8JSrTUFXFD7E3iusB81cfagay.jpg

Қазақстан Үкіметінің су ресурстарын толық мемлекеттік бақылауға алу туралы шешімі қоғам тарапынан оң бағасын табуда.

Қоғам жанашыры, “Жасыл Құрылыс” қауымдастығының президенті Нұрлан Болатович Көптілеуов бұл қадамды «қазақ елінің ортақ жеңісі» деп атады. Ол бұл туралы Facebook парақшасында жариялады.

Көптілеуовтың айтуынша, соңғы айларда Сыр өңірі дихандарының су тапшылығы мәселесі бірнеше рет көтеріліп, судың тиімсіз пайдаланылуына қатысты нақты талдаулар мен ұсыныстар жарияланған. Оның сөзінше, қоғам үнінің арқасында Үкімет стратегиялық маңызды ресурстарды бақылауға алу туралы шешім қабылдаған.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің мәлімдеуінше, енді су көлемі мен оның жұмсалуы қатаң қадағаланбақ. Бұл шара тек Сыр бойы ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Көптілеуов су мәселесі енді «бизнес мүддесінен жоғары, ұлттық деңгейде қаралатынын» атап өтті және қоғам үшін жұмысын жалғастыратынын жеткізді.

Комментарии