Серік Сәпиев өз орынбасарымен болған жағдай туралы мәлімдеме жасады

250
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/V4UOJmG4u3DvBzYPAQ9FfZHK2tU9Gsav82jZu5C3.jpg

 

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы және Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бірнеше күн бұрын өз орынбасарымен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна".

«Құрметті қазақстандықтар! Ең алдымен, қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын. Халықтың қолдауы – мен үшін ең үлкен құндылық. Болған оқиғаға байланысты нақтылап айтқым келеді», – деді ол.

Олимпиада чемпионы сол күнгі жанжалдың жеке немесе тұрмыстық сипатта емес екенін атап өтті.

«Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді. Ашық мәлімдеймін! Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды. Барлықтарыңызға рахмет! Қазақтың күші – бірлікте!» – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті ұрып тастады деген ақпарат тараған еді. Алайда кейіннен әлеуметтік желіде Серік Сәпиевтің таяқ жемегені тек орынбасарымен келіспей қалғаны туралы видео тарады. 

 

 

 

Комментарии