Депутат еліміздегі жоғары оқу орындарындағы қаржы мен аккредитация жүйесін сынға алды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nB8WyTD4foi5orTkJ2fywj6nt39wKSoueDFNp4uG.jpg

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жоғары оқу орындарында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуы мен аккредитация жүйесіндегі олқылықтарға қатысты бірқатар сын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Депутаттың айтуынша, білім беру саласында мемлекеттік деректер базалары мен ақпараттық жүйелер арасында толыққанды интеграция жоқ. Соның салдарынан мемлекет студенттердің қозғалысын, гранттардың бөлінуін және қаржының жұмсалуын нақты бақылауда ұстай алмай отыр.

Оның сөзінше, бұл жағдай қосарланған қаржыландыруға, оқудан шығарылған студенттерге төлемдердің жалғасуына және өзге де заңсыз схемалардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Жалпы қаржылық заңбұзушылық көлемі 4,4 млрд теңгені, тиімсіз пайдаланылған қаражат 12,6 млрд теңгені, ал бюджет шығындары мен жіберілген пайда 1,5 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар, 30,3 млрд теңге көлеміндегі қаражат тиімсіз жұмсалғаны айтылды.

Бұдан бөлек, депутат астаналық Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті сияқты жоғары оқу орындарын аккредитациялау жүйесі де сынға алынды. Депутаттың пікірінше, білім сапасын бағалауға тиіс бұл жүйе кей жағдайда формалды сипат алып, тәуелсіздік қағидаттарына сай жұмыс істемейді. Бақытжан Базарбек нақты мысал ретінде аккредитация жүргізетін ұйымдар мен университеттер арасындағы ықтимал мүдделер қақтығысын атады. Оның сөзінше, кейбір жағдайларда аккредитациялық агенттіктердің құрамында университет басшылығына жақын тұлғалар болуы мүмкін, бұл бағалау объективтілігіне күмән тудырады.

Комментарии