"ЖИ арқылы жасалған ба?" Шоқан Уәлихановқа арналған баннер дау тудырды

143
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QDv01F7DAdqHe6tP4R2w91HJn8w5pvthOfUchpMj.webp

Фото: gabdimanap_t

Алматыда Шоқан Уәлихановқа арналған баннер ілініп, онда қазақ тіліндегі бірқатар қателер анықталды. Бұл әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғам назарын аудартты. Аталған баннерді Медеу ауданында Назарбаев көшесімен өтіп бара жатқан Threads қолданушысы gabdimanap_t байқаған, деп хабарлайды "Адырна".

Қолданушының айтуынша, қала орталығында мұндай қателіктердің кетуі жауапты органдардың жұмыс сапасына қатысты сұрақ тудырады.

«Қала орталығында осындай қате жіберілгені үшін әкімдікке сұрақ бар. Демек, оны ілген де, рұқсат берген де қазақ емес пе? Әлде орталықта кез келген мәтінді тексере бермей іле береміз бе?» – деп жазды ол.

Желі қолданушылары баннердегі мәтін қателеріне ғана емес, визуалды бөлігіне де назар аударды. Кей пікірлерде Шоқан Уәлиханов бейнесіндегі бас киім тарихи шындыққа сәйкес келмейтіні айтылды.

«Оған кигізілген бас киім қай ұлттікі? Қазақтар ондай кимеген. Бұл үлкен дау, бұған айыппұл салу керек», – деп жазды қолданушылардың бірі.

Тағы бір топ пікір қалдырушылар мұндай материалдар жасанды интеллект көмегімен дайындалып, кейін мұқият тексерілмей жарияланған болуы мүмкін деген болжам айтты.

«Егер ЖИ арқылы жасалса, қазақ тілінде қате кетуі қалыпты жағдай, бірақ оны басып шығарар алдында тексеру керек еді», – деді тағы бір қолданушы.

Кейбір желі қолданушылары жауаптыларды жазалап, тіпті қызметінен босатуды талап етті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Bi Group жарнамалық баннері де нөмірлік белгіге байланысты қоғамда талқыланған болатын. Ол кезде компания дизайн және басып шығару кезеңінде техникалық қате кеткенін мәлімдеген.

Комментарии