Моңғолия президенті қазақ арасына сапарлайды

80
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8wKH5H2ESyDJq0MtGrjNq9DFpviuClkjMzhSYlBk.jpg

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх 13–14 қыркүйек аралығында қазақ диаспорасы мекендейтін Қобда және Баян-Өлгий аймақтарына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды "Адырна".

Сапар барысында мемлекет басшысы Қобда аймағында Эрденебүрэн су электр станциясының құрылыс барысымен танысады. Сондай-ақ аймақ тұрғындарымен кездесіп, мемлекеттік саясат, ұлттық қозғалыстар мен жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар туралы ақпарат береді. 

14 қыркүйекте Ухнаагийн Хүрэлсүх Баян-Өлгий аймағының Өлгийде Бүхүн тауына Ұлы Шыңғыс ханның құрметті портретін орнатуға арналған салтанатты рәсімге қатысады.

Сонымен қатар Моңғолия президенті аймақ тұрғындарымен кездесіп, Өлгий сұмынындағы №2 орта мектепке барады. Онда мектептің педагогикалық ұжымымен және қызметкерлерімен кездеседі.

Айта кетейік, қазақ диаспорасы Қобда мен Баян-Өлгийге ХVIII ғасырда көшкен. Ал 1940 жылы Баян-Өлгий аймағын құру туралы шешім қабылданды.

Комментарии