"2025 жылдың 22 қаңтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді", – делінген хабарламада.
Павлодар облысында да қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Қатты желдің күшеюіне (екпіні 21 м/с дейін) байланысты Ақсу қаласы мен ауылдық аймақта 2025 жылдың 22 қаңтарында 1-ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл 3123 баланы қамтиды. Осыған байланысты мектепке жеткізу тоқтатылды.
Сондай-ақ Павлодар қаласындағы мектептердің 1-ауысымдағы сабағы тоқтатылды. Мектепке дейінгі және 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқытуға жіберілді.
Бұл шектеулер 9-сынып базасында оқитын 1-2 курс павлодарлық студенттеріне де қатысты. Абай облысында да қолайсыз ауа райына байланысты 1-ауысымдағы оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды.