Алматыда билікті сынаушы белсенді, бұрынғы шенеунік Санжар Боқаев ұсталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LMLPINsCqPLzdy3jId7uGmoceJ8RKWZWN4HTSGqI.jpg

Алматыда азаматтық белсенді, саясаттанушы Санжар Боқаев ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми дерекке сүйенсек, ол ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарының тәртібімен ұсталған.

«Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді»,-делінген хабарламада.

Тергеу деректеріне сәйкес, белсенді аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген.

Сондай-ақ ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінуде.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

44 жастағы Санжар Боқаев әр жылдары Алматы қалалық әкімдігінде басшылық орындарда және бір кездегі "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалында қызмет атқарған. Қазақстанда рульі оң жақ көліктер дауы кезінде, кейін утильалымға қарсы қозғалыс кезінде белсенділігімен көзге түсті. Соңғы жылдары билікті қатаң сынап, кемшіліктерді әшкере етіп жүрген. Соңғы айларда оның шетелге оқуға кеткені айтылған. 

评论
其他材料