Әкімдік Шайдоровқа шілдеде пәтер сыйлайды

138
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lvniOVXfp6WZQPQYcx7NVNJcKCPJfXh4nMdlf892.webp

Алматы қаласының әкімдігі Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл мақсатта үш бөлмелі пәтер сатып алуға мемлекеттік сатып алу рәсімі ұйымдастырылған.

Қалалық коммуналдық инфрақұрылым басқармасының мәліметінше, спортшыға берілетін баспананың аумағы шамамен 110–120 шаршы метр болады. Пәтерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 120 миллион теңге қарастырылған. Әкімдік өкілдері мұндай қолдау халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, жоғары жетістіктерге жеткен спортшыларды ынталандыру және олардың еңбегін бағалау мақсатында көрсетілетінін атап өтті.

Қазір тұрғын үйді сатып алу рәсімі аяқталғанымен, пәтердің кілті иесіне әлі тапсырылған жоқ. Мамандар құжаттарды рәсімдеу мен меншік құқығын тіркеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Жауапты мекеменің хабарлауынша, барлық заңдық рәсімдер аяқталғаннан кейін Михаил Шайдоровқа жаңа баспана ресми түрде табысталады. Жоспар бойынша бұл процесс шілде айының ортасына дейін толық аяқталмақ.

评论