Украинада болып жатқан оқиға – әлемде, оның ішінде Қазақстанды қамтитын Еуразиялық Балқан аймағына (Бзежинскийдің термині) айтарлықтай салдары бар геосаяси оқиға.
Украинадағы қақтығыс еліміздің экономикалық дамуына қалай әсер етеді? Қандай болжамдар жасауға болады? Неліктен бұл жағдай болды? Бұл — көптеген адамдардың көкейінде жүрген сұрақтар. Оларға жауап беру үшін геосаясат саласындағы көрнекті, беделді мамандарға жүгінеміз.
Бір қызығы, Кеңес Одағы ыдырағаннан бергі 30 жыл ішінде Украинаның геосаяси маңызы туралы көптеген еңбектер жазылды.
Геосаясаттың көрнекті мамандарының бірі КСРО-да, одан кейін Ресейде болып жатқан процестерді терең түсінуімен ерекшеленетін Збигнев Бзежинский болды. Колумбия университетінің профессоры, АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Бжезинский осы аймақтың дамуы жайлы көптеген кітаптар жазды.
Осы мақаланың аясында мен автордың үш шығармасына ғана тоқталғым келеді. Оның ең танымал кітабы — 1997 жылы шыққан «Үлкен шахмат тақтасы» («Великая шахматная доска»). Автор АҚШ-тың геосаяси мақсаттарын, әлемде АҚШ-тың үстемдігін сақтаудың маңыздылығын ашық айта отырып, кітапта Ресейге елеулі орын берілгені, осыған байланысты Украинаға көп көңіл бөлінгені анық.
«Америка және әлемнің қалған бөлігі» («Америка и остальной мир») атты екінші еңбегі 2008 жылы жарық көрді және онда Збигнев Бзежинский мен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болған тағы бір көрнекті американдық сыртқы саясат қайраткері Брент Скоукрофт арасындағы сұхбат ұсынылды.
Мұнда бұрын айтылған кейбір ойлар түзетілгендей сезіледі, алайда бұл таңғаларлық жағдай емес, себебі екінші кітап бірінші еңбектен соң 10 жылдан кейін жарық көрді. Бұл еңбекте Украинаның болашағына қатысты сарапшылар арасындағы диалог көп берілген.
Ал автордың «Стратегиялық көзқарас: Америка және жаһандық билік дағдарысы» («Стратегическое видение: Америка и кризис глобальной власти») атты үшінші кітабы 2011 жылы жазылған. Бұл шығармасында автор әлемде болып жатқан өзекті оқиғаларды ескере отырып, бұрын тұжырымдалған ой-пікірлерін түзетуді жалғастырған.
Бұл еңбектерде көптеген қызықты мәліметтер бар, автор барлық аймақтық геосаяси ойыншыларды, олардың амбицияларын және геосаяси маңызды деп аталатын елдерді сипаттайды. Мен сіздерге үш кітаптағы Украинадағы қазіргі оқиғаларға тікелей қатысты негізгі идеяларды ғана ұсынуға тырысамын.
Бір қызығы, талдау 20 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген (бірінші кітап) және Украинада болып жатқан оқиғалар сарапшылар сипаттаған ең қараңғы сценарийлердің бірі ретінде жүзеге асырылуда.
Осы жерде «Бұл не?» деген сұрақ туындайды. Автордың болашақ геосаяси оқиғаларды болжай білу қабілеті ме немесе әрекет ету нұсқаулары ма?
Төмендегілер жоғарыда аталған үш кітаптан алынған идеялар. Жарияланған жылы жақшада көрсетілген, сіз қандай жұмыс туралы айтып жатқанын содан түсіне аласыз.
*(1997) Бзежинский Ресейдің өз орнын іздеуін зерттейді. Ол КСРО-ның ыдырауымен пайда болған үш ықтимал сценарийді анықтайды:
- АҚШ-пен біріккен стратегиялық серіктестік;
- АҚШ пен ЕО-ның мүдделерін теңестіруге қабілетті Мәскеудің үстемдігі кезіндегі интеграцияның белгілі бір нысаны бар жақын шетелге баса назар аудару;
- АҚШ-тың үстемдігін төмендетуге бағытталған антиамерикандық коалиция.
Абай Алпамысов,
экономика ғылымдарының кандидаты.