Иран көсемі аятолла Әли Хаменеидің бункерге тығылғаны айтылды

2228
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RFbrTFCc7Ngsb32QJ0pKZGHL3E4JGCm2MzpIibJL.jpg

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Израиль Ислам Республикасына қарсы операция бастағаннан бірнеше сағат өткен соң  жерасты бункеріне жасырынды. Бұл туралы бүгін, 16 маусымда Iran International жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Хаменеи орналасқан нысан Тегеранның солтүстік-шығысындағы Лавизан ауданында орналасқан.

«Жерасты бункерінде оның отбасы мүшелері де бар. Рухани көсем 2024 жылдың сәуір және қазан айларында Израильге қарсы өткен алдыңғы операциялар кезінде де дәл осы бункерге жасырынған»,—делінген хабарламада.

Бұған дейін Израильдің Иранға жасаған жаппай шабуылынан 224 адам қаза тапқаны туралы жазған едік.

 

Comments