Қырғызстан мен Түркіменстан президенттері Садыр Жапаров пен Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға бүгін, 2025 жылдың 17 маусымында келді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды “Адырна”.
Қырғызстан президентінің ұшағы елорда әуежайына қонды. Садыр Жапаров "Орталық Азия-Қытай" саммитіне қатысады.
Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 25,2 пайызға өсіп, 435,1 миллион долларды құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 555,7 миллион долларды құрады.
Президенттерді елорда әуежайында Премьер-Министр Олжас Бектенов күтіп алды.
Айта кетсек, 16 маусымда Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға сапармен келді. Оны Астана әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды. Кейін келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.