Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің Украинамен арадағы келіссөздің үшінші раундына дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы RBC жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
«Жалпы біз оған дайынбыз. Өтетін орны мен уақытын белгілеу керек», – деп мәлімдеген Путин.
Путиннің айтуынша, келіссөздердің үшінші раундында Ресей мен Украинаның жанжалды реттеу жөніндегі меморандум жобасы талқылануы тиіс.
Айта кетсек, бұған дейінгі екі кездесу Ыстанбұл қаласында өткен. Екіншісіне Украина президенті Владимир Зеленский барған, бірақ Ресей делегациясымен келіссөзге кірмеген.
Бір апта бұрын Ресей президенті Украина президентімен кездесуге дайын екенін айтқан.
Related news
“No need for an uprising.” The father of the deceased issued an appeal regarding the incident in Talgar
