Моңғолия парламенті премьер-министрін отставкаға жіберу үшін дауыс берді

1361
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ofdVtVdYtiywMwrXc0YqzJ7LqvxvaqaatquMMlN5.webp

Фото: Монцамэге

Бүгін Моңғолияның парламенттік отырысында премьер-министр Гомбожавын Занданшатарының отставкасы туралы ұсыныс қаралып, тиісті қаулы қабылданды. Бұл туралы Монцамэге агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл ұсыныс бұған дейін, 16 қазан күні өткен Ұлы Мемлекеттік Хуралдың Мемлекеттік құрылым жөніндегі Тұрақты комитетінің отырысында талқыланған болатын. Алайда Тұрақты комитет қазіргі Премьер-министрдің отставкаға кету туралы ұсынысын қолдамады.

Бүгін таңертең өткен жалпы отырыста депутаттар ұсыныс бойынша сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Талқылаудан кейін пленарлық отырысқа қатысқан 71 депутат Гомбожавын Занданшатарының Премьер-министр лауазымынан босатылуын қолдап дауыс берді.

Жаңа Премьер-министр тағайындалғанға дейін Гомбожавын Занданшатар үкімет басшысының міндетін уақытша атқара береді.

Comments