“Алғашқы жүк - Қазақстан астығы”. Әзербайжан Арменияға жүк транзитін ашты

1304
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/T5nNeH1IVte4MU6OYwza9EBsbiF9jY0KtkXPb0W1.webp

Әзербайжан президенті Ақордада жүк транзитіне қатысты жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

“Әзербайжан Арменияға жүк транзитіне қойылған барлық шектеулерді алып тастады. Бұл шектеулер оккупация кезеңінен бері сақталып келген болатын. Ал алғашқы транзиттік жүк – Қазақстанның астығы. Бұл оқиға Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшіліктің қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де орнағанының жақсы дәлелі деп есептеймін”, – деді Ильхам Әлиев.

Айта кетейік, 9 тамызда Әзербайжан мен Армения басшылары АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегі бірлескен декларацияға қол қойған еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл келісімді “Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілікті орнатудағы тарихи маңызы зор жетістік” деп бағалаған. Ол Ильхам Әлиевті Қазақстанға арнайы шақырған.

Comments