Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ ұсынған соғыс тоқтату жөніндегі бейбіт жоспарға қатысты халыққа 10 минуттық үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Президенттің видеоүндеуі оның барлық әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.
Зеленский Украина қазіргі уақытта тарихтағы ең күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, алдағы апта ел үшін «өте қиын» болмақ.
"Қазір Украина өте ауыр таңдаудың алдында қалуы мүмкін: не абыройдан айырылу қаупі, не басты әріптестен айырылу, не ұсынылған 28 тармақтың қиын міндеттері, не ең ауыр қыс. Біз даңғойлыққа бармаймыз, Америка және барлық серіктестерімізбен сабырлы әрі жүйелі түрде жұмыс істей береміз", – деді ол.
Президент елдің негізгі құндылықтары қандай жағдайда да сақталуы тиіс екенін атап өтті.
«Мен жоспардағы барлық тармақ талқыланған кезде кем дегенде екі нәрсенің назардан тыс қалмауы үшін күресемін. Олар – украин халқының намысы мен еркіндігі. Себебі қалғанының бәрі осыған негізделеді: біздің тәуелсіздігіміз, егемендігіміз, жеріміз, халқымыз және болашағымыз», – деді Зеленский.
Ол сондай-ақ ішкі саяси күштерді тартысты тоқтатып, ел мүддесін бірінші орынға қоюға шақырды.
«Барлық саясаткерлерді сабырға келуге, қажетсіз айғай-шудан бас тартуға шақырамын. Украинада кімнің жау екенін ұмытпау керек. Мемлекет соғыс жағдайында бірлесіп жұмыс істеуі тиіс: парламент те, үкімет те тиімді шешім қабылдауы қажет», – деді президент.
Зеленский Украина ұлттық мүддесін сатпайтынын, серіктестерімен бірлесіп конструктивті ұсыныстар іздейтінін айтты.
Президенттің айтуынша, алдағы күндері маңызды шешімдер мен оқиғалар көп болмақ.
Kazakhstan calls for the development of a phased plan for the complete elimination of nuclear weapons by 2045