Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Ленин аудандық соты блогер Екатерина Биволды қазақтар мен қырғыздардың ар-намысына тиетін сөздер айтқаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды "Адырна".
Іс материалдарына сәйкес, сот Екатерина Биволды Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Нәтижесінде ол 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесілді.
Айта кетейік, аталған іс 2025 жылдың қазан айында Telegram желісінде жарияланған бейнежазбаға байланысты қозғалған. Бұл материалды Ресей Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері тексерген.
Сараптамалық қорытындыға сәйкес, бейнежазбада қазақ және қырғыз ұлттарының ар-намысына тиетін, қадір-қасиетін кемсітетін сөздер айтылған. Осыған байланысты Екатерина Биволға қатысты "ұлтаралық араздықты жария түрде қоздыру" дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалған.
Сондай-ақ 2025 жылы Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Бивол өзі де бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қарсы жала жабу дерегі бойынша сотта жеңіске жеткен еді.
Санкт-Петербург қаласындағы Смольнин аудандық соты Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне қарсы берген азаматтық талабын қарады.
Онда шындыққа сәйкес келмейтін, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, сондай-ақ іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жалған деп тану және оларды теріске шығару туралы міндеттеу мәселесі көтерілген.
Сот спортшының жағына шығып, жауапкер таратқан мәліметтерді шындыққа жанаспайтын, талапкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат деп таныды.
Осыған байланысты Екатерина Биволға өзіне тиесілі барлық сайттарда, әлеуметтік желідегі парақшаларында және мессенджерлердегі арналарында бұрын жарияланған ақпаратты теріске шығару міндеттелген.
The conditions of war have changed. Zelensky announced that Ukraine was ready to launch a counterattack