Екі жарым жыл бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

91
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматы облысында екі жарым жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 28 жастағы ер адам өлі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты Lider.kz еріктілер қозғалысы Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

Мәліметке сәйкес, Хабидулла Жалғас Хабидуллаұлы 2023 жылғы 4 маусым күні жоғалған. Сол күні таңғы сағат 09:00 шамасында ол Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы Үшқоңыр көшесінде орналасқан үйінен шығып кеткен.

Іздеу барысында ер адамның белгілері жарияланған. Оның дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы қысқа әрі қара болған. Жоғалған кезде үстінде джинсы күртеше, сұр түсті футболка, көк джинсы шалбар және қою көк түсті кроссовка болған.

Еріктілердің мәліметінше, ер адамның денесі 2025 жылғы 23 желтоқсанда табылған. Қазіргі уақытта оқиғаның басқа мән-жайлары нақтыланып жатыр.

Құзырлы органдар бұл жағдай бойынша тексеру жүргізуі мүмкін.

Comments