85 жасқа толған күні. Сара Назарбаеваның немен ауырғаны жарияланды

348
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/U2iNbsYTvTCFEUOOwV14WIRon3rKWakHvtoxv3wA.jpg

Тұңғыш президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай 11 ақпанда Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделіп жатты. Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады»,-деді ол.

Айтуынша, Сара Алпысқызы ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болған.

«Биылғы жылдың қаңтар айында жағдайының тұрақтануына байланысты стационарлық емдеу кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында»,-деп толықтырды баспасөз хатшысы.

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда туған. Бүгін 85 жасқа толды.

Comments