Бұрынғы вице-министр: Уақыт белдеуін ауыстыру энергетикалық мәселені ушықтырды

269
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/twxJYZgm2sh4CRojW4dauYaOMmLUpAuaR1Ow5iW9.webp

Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі елдің энергетикалық мәселелерін шешкен жоқ, керісінше, кешкі уақыттағы электр жүйесіне түсетін жүктеменің шарықтау шегін арттырды. Бұл туралы бұрынғы энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев журналист Самал Ибраеваға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, уақытты ауыстыру туралы шешім энергетикалық жүйенің жұмысы ескерілмей отырып қабылданған.

«Қазақстан географиялық тұрғыдан үш уақыт белдеуінде орналасқан: шығыс, орталық және батыс. Кеңес дәуірінде солай өмір сүрдік. Әр белдеуде кешкі жүктеменің өз шыңы болатын. Бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін бұл шарықтау кезеңдері бір уақытта сәйкес келіп, электр желілеріне қосымша салмақ түсірді», — деп түсіндірді Жақсалиев.

Сондай-ақ ол мәселе электр энергиясының жетіспеушілігінде емес, жүктемені дұрыс басқаруда екенін атап өтті.

«Егер қуат тапшылығы болмаса, электр энергиясының тапшылығы да болмауы керек. Қазіргі проблема — желілік тапшылық пен диспетчерлік басқаруда. Желілер бос кезде тариф төмен болуы тиіс. Ал шарықтау сағаттарында жоғары болуы керек. Бұл — қалыпты экономикалық механизм. Бірақ бізде жартылай ғана шешім қабылданды»,- дейді Жақсалиев.

Маманның айтуынша, энергетикалық компаниялар өзіндік құнынан төмен деңгейде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ал нарықта электр энергиясын өндірмей, оны тек шарықтау сағаттарында қымбат бағаға қайта сататын құрылымдар пайда болған.

«Бірыңғай уақыт белдеуі мәселені шешкен жоқ, керісінше оны ушықтырды»,— деп қорытындылады ол.

Comments