Польшада Қазақстан азаматы жоғалып кетті

181
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Ndnkjby9cAuj67UFkHVTvcXKa6oJ2O0wpaMg9Cml.jpg

Польшада Қазақстан азаматы Екатерина Шилова жоғалып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.

Бұл туралы оның әпкесі әлеуметтік желіде хабарлап, іздеу жариялаған.

"Сіңлім жоғалып кетті. Шилова Екатерина Анатольевна, 1982 жылы туған. 18 ақпан күні Варшавадан Астанаға ұшуы керек еді. Алайда ұшаққа отырмаған. Жұмыс істеп жүрген, жанында ақшасы болған", – делінген хабарламада.

Туыстарының айтуынша, Екатеринадан күмәнді хабарлама келген. Онда ол Германияға жұмысқа шақырылғанын және билет ақшасы қайтарылғанын жазған.

"Бұл хабарламаны өзі жазбағанына сенімдіміз. Көрген-білгендер болса, хабарласуларыңызды сұраймыз", – деді әпкесі Александра.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, Варшавадағы консулдық бөлім Польша құзырлы органдарына ресми нота жолдаған.

Варшава қаласының полициясы ақпаратты қабылдап, іс іздестіру департаментіне берілген. Қазіргі уақытта қажетті консулдық көмек көрсетіліп, мәселе министрліктің бақылауында.

Comments