1989 жылы 28 ақпанда антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы құрылды. Әуелде Семей полигонында тараған газға қарсы үндеген қозғалыс кейін халықаралық сипат алды. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан соң қозғалыс әрекеті де саябырсыды. Бірақ қозғалыс Семей полигоны жабылар алдындағы қарымды қадам болды.
Қозғалыстың мақсаты – халықты ядролық сынақтардың зардабы туралы хабардар ету, Семей полигонын жабу және сынақтан зардап шеккендерге көмек көрсету болды.
Қозғалысқа кәрі-жас демей, халық бір кісідей жұмылып, белсенді түрде қатысты. Қарағандының 130 мың шахтері мерзімі шектеусіз ереуілге шығатындарын мәлімдеді. Оларды Семей, Павлодар, Өскемен, Жезқазған жұмысшылары және Жоғарғы Кеңес қолдады.
«Невада-Семей» қозғалысының арқасында 1991 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны толық жабылды.
Ал 29 тамыз халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілді. Қазақстан ядролық қарудан толық бас тартып, әлемдік қоғамдастықта бейбітшілік сүйгіш ел ретінде танылды.
"We value our relations with Kazakhstan": how did the Kremlin accept Blinken's meeting with Tokayev?