Пентагон Иранға жасалған соққыға қатысты алғашқы мәлімдемесін жасады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DrC3zzzsAMTwSkyOQmKe7NliaGHPoOp6aYRMDSI9.webp

АҚШ қорғаныс министрлігі Иран аумағына жасалған соққыға байланысты мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Пентагон басшысы Пит Хегсет АҚШ пен Израиль әрекеттері Иранның АҚШ қарулы күштері мен әлемдегі америкалық мүдделерге қарсы бағытталған көпжылдық шабуылдарына жауап болғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, операцияның мақсаты – елдің шабуылдаушы зымырандарын, зымыран өндірісін, әскери-теңіз күштерін және қауіпсіздік инфрақұрылымын жою, ядролық қаруға ие болуына жол бермеу.

“Біз бұл соғысты бастаған жоқпыз, бірақ президент Дональд Трамп тұсында оны аяқтаймыз. Бұл режимді ауыстыру соғысы емес, алайда режим өзгеруі тиіс және әлем бұдан ұтады”, – деді Хегсет.

Ол Иран аумағында америкалық құрлық әскерлері жоқ екенін растады. Алайда болашақтағы әскери әрекеттерге қатысты толық мәлімет беруден бас тартты. 

Сонымен қатар қақтығыстың ұзаққа созылатыны жөніндегі болжамдарды жоққа шығарды, бірақ нақты мерзімін атаған жоқ.

Пентагон басшысы әскери қимылдардың адам шығынына әкелгенін растады. Оның мәліметінше, төрт америкалық әскери қызметкер қаза тапқан.

Ал АҚШ Қарулы күштері штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы Дэн Кейн Ирандағы әскери мақсаттарға жету күрделі болатынын және қосымша күш-жігерді талап ететінін айтты.

Comments