Хаменеиді жерлеу кейінге қалдырылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pz3QBlyYTrEXypSPc0UWww9oXdxZdy7lQhtwpVZA.jpg

Иранның бұрынғы көсемі Аятолла Әли Хаменеиді жерлеу кейінге қалдырылды. Бұл туралы Исламдық насихаттау үйлестіру кеңесінің басшысы Сейед Мохсен Махмуди айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қоштасу рәсімі 4 наурызда Тегерандағы Имам Хомейни мешітіндегі намаз оқу залында басталып, үш күнге созылуы тиіс еді. Алайда ол қатысуға ниет білдіргендер санының тым көптігіне және толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін болмауына байланысты кейінге шегерілген.

«Осы рәсімге қатысуға өтініштердің көптігін және адамдарды орналастыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, рәсімді қолайлы уақытта өткізуге шешім қабылданды», – делінген кеңестің хабарламасында. 

Еске салайық, Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израиль жүргізген арнайы әскери операциядан кейін қаза тапты.

Comments