Қазақстанға жетуі мүмкін. Ирандағы соғыстан шыққан бұлт көпті алаңдатып қойды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sOBMXONMTNA04vFpccgAH6wQmHXAuwyBDHmQfKr3.webp

Бірнеше күн бұрын Ирандағы мұнай өңдеу зауыттары мен жанармай сақтау қоймаларына жасалған соққылардан кейін ерекше бұлт пайда болып, ол тек Иран тұрғындарын ғана емес, басқа елдерді де алаңдатты.

Қазіргі уақытта бұлт баяу түрде Орталық Азия мен Қытайға қарай жылжып келеді, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. Қауіп төнуі мүмкін елдердің қатарында – Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан бар.

Еске салайық, Тегеран мен Әлборз өңірлеріндегі мұнай қоймаларына жасалған соққылардан кейін Иранның Қызыл Жарты Ай ұйымы қышқылды жаңбырдың пайда болу қаупі бар екенін ескерткен болатын. Жарылыстар мен мұнай қоймаларының жануы салдарынан атмосфераға улы қосылыстардың көп мөлшері – көмірсутектер, күкірт пен азот оксидтері тараған.

Бұл заттар су буымен әрекеттескен кезде қышқылдарға айналып, кейін қауіпті жауын-шашын түрінде жерге түсуі мүмкін.

Қышқылды жаңбыр теріге химиялық күйік түсіруі, өкпеге зиян келтіруі мүмкін. Сонымен қатар, жауған аймақтағы өсімдіктерге де айтарлықтай зиян тигізеді.

Comments