Пойыз бен автобус соқтығысып, 12 адам қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LsmkZHjpWIjSOUx75sBT7sPIHWpx1WLvQKGqnV3w.jpg

Бангладештің шығысындағы Комилла округі аумағында жексенбі күні ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Теміржол өткелінде пойыз бен жолаушылар автобусының соқтығысуы салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, тағы 20-ға жуық адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Жергілікті полицияның мәліметінше, апат таңғы сағат 03:00 шамасында Садар-Дакшин шағын ауданында болған. Читтагонг қаласына бағыт алған пошта пойызы теміржолдан өтіп бара жатқан автобуспен соқтығысқан.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар зардап шеккендерді жақын маңдағы медициналық колледж ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер олардың жағдайын бақылауға алған.

Қазіргі уақытта апаттың себептерін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде. Билік өкілдері арнайы бірнеше комиссия құрып, оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеруге кіріскен.

 

Теміржол қызметінің хабарлауынша, Дакка–Читтагонг бағыты бойынша пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылған. Кейін жолдар тазартылып, қатынас қайта қалпына келтірілген.

Comments