Ақтау қаласында «Aqtau International School» мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Әдістемелік қызметтің трансформациясы: инновация, сапа, тиімділік» тақырыбында ІІІ республикалық әдіскерлер форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Іс-шараның мақсаты - еліміздің білім беру саласындағы әдістемелік қызметтің өзекті мәселелерін талқылау. Аталған форумға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» орталығының директоры Дулат Аманжолов, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, облыстық орталықтардың басшылары, аудан, қала бойынша білім бөлімінің, оқу-әдістемелік орталықтарының басшылары, Маңғыстау облысынан және басқа өңірлерден 450-ге жуық әдіскерлер мен мектеп ұстаздары қатысты.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев әдіскерлерді форумның басталуымен құттықтады.
-Бүгінгі күнде сіздер өз тәжірибелеріңізді бөлісіп, жаңа әдістемелерді талқылап, білім саласын одан әрі дамытуға үлес қосасыздар. Мұндай кездесулер жаңа идеяларға жол ашады, шығармашылық ойлауды арттырады және білім беру сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Форум сіздерге шабыт берсін, пікірталастар жемісті, ұсыныстарыңыз нақты нәтижелерге жетсін. Барлықтарыңызға сәттілік пен табыс тілеймін!, - деді Аббат Өрісбаев
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» орталығының директоры Дулат Аманжолов форумда әдістемелік орталықтардың тиімділігін арттыруға арналған ұсыныстар қарастырылатынын айтты.
-Бүгінгі іс-шарада әдістемелік орталықтардың жұмысын жетілдіру жолдары қарастырылып, олардың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленеді. Форум екі күнге жоспарланған. Оның аясында пленарлық бөлім және жеті бағыт бойынша секциялық отырыстар өтеді. Секциялық отырыстар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, заманауи тәсілдерді талқылайды, - деді Дулат Аманжолов.
In Almaty, two fraudulent girls who collected money for the treatment of a "sick" child were arrested
