Тоқаев Қазақстанның Кореядағы елшісін ауыстырды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bzJGrFqS1de355H6hmUHVPVi8FvCLPsR13a0r4qe.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореядағы елшіні ауыстырды. Жаңа елші болып Асет Женісұлы Исенали тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна”.

"Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорда хабарламасында.

Тағы бір жарлықпен Нұрғали Арыстанов Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2023 жылдан бері атқарып келген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Марғұлан Бақытұлы 1999 жылдан бастап дипломатиялық қызметте. Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, Қазақстанның Польшадағы елшілігінде жұмыс істеген. 2017–2019 жылдары Қазақстанның Польшадағы елшісі болды. 2019–2021 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанның Бельгиядағы елшісі, ЕО және НАТО жанындағы өкілі болды. 2025 жылдың тамызынан бері Таиландтағы елші әрі ЭСКАТО жанындағы тұрақты өкіл қызметін атқарып келеді.

2026 жылдың ақпанында Қазақстанның Кениядағы елшісі Руандаға қоса атқарушы елші болып тағайындалған болатын.

Comments
Other materials