Ғарыш қаласында дәрігер тапшы. Жергілікті халық не дейді?

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pcPujA8SPDw74rO93orwCQpZAXuLK0iyhQjMqWtf.jpg

Ғарыш айлағымен аты шыққан айрықша мәртебеге ие Байқоңырда жергілікті тұрғындар саны жыл сайын азайып жатқанына қарамастан қалада медициналық қызметке жүгінушілер қатары едәуір артқан.

Статистикалық деректерге жүгінер болсақ, емханаға қаралған тұрғындар саны 2020 жылы 100 мың болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 240 мыңнан асқан. Яғни денсаулығына шағым айтқандар саны 2,5 есеге көбейген.

РУБЛЬ ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

Тұрғындар денсаулыққа қатысты шағымның артуын экологиялық ахуалмен байланыстырады. Оның үстіне гептилдің бірнеше рет аумаққа төгілгенін ешкім ұмытқан жоқ. Қалада таксистболып, табыс тауып жүрген Мұхтар мырза басының жиі ауыратынын айтты.

«Денсаулыққа гептилдің зияны өте ауыр. Тіпті, ғарыш айлағы аумағына гептилды апара жатқан кезде кішкене болсын, төгілсе, сол жерде шөп өспейді. Адам организміне де кері әсері бар, мысалы шаш түседі, 8-9 сағат ұйықтасақ та оянған кезде басым ауырып тұрады. Бас ауруы тұрғындар арасында көп кездеседі», - дейді Мұхтар.

Байқоңырлықтар медициналық қызмет алу барысында қиыншылықтарға жиі тап болатынын айтады. «Мәселен, жедел жәрдем шақырғанда ресейлік тарапқа әр шақырту үшін 1 мың рубльден төлейміз», - дейді.

«Мен бір емес, бірнеше рет жедел жәрдем шақырттым. Өз диагнозымды білемін, маған шұғыл кардиологқа бару керек. Ал олар алдымен бірнеше дәрігер келіп, бәрі тексеріп маған үш күн жатасың дейді. Үш күннен кейін сақтандыру полюсіңіз \МӘМС жарнасы\ жоқ деп шығарып салды. Ал, сондай адамдардың қаншасы бар? Сақтандыру полюсі жоқтар ақылы мекемелерге бармағанда қайда барады? Жедел жәрдем шақырсақ, қайтадан ресейлік жедел жәрдем келеді. Сосын сақтандыру полюсіміз жоқ болғасын мың рубльден төлейміз», - дейді қала тұрғыны Кеңшілік Күзембаев.

Фотода Кеңшілік Күзембаев

ҚАЙШЫЛЫҚТАР ҚАЛАСЫ

Байқоңыр қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары да бұл мәселені жоққа шығармады. Себебі елде бекітіліген заң бойынша МӘМС жарнасы төленбеген науқасқа қызмет ақылы көрсетіледі.

«Егер науқас МӘМС жүйесі бойынша сақтандырылған болса қызметтің бәрін тегін алады. Егер де мүгедек адамдар болса, біздің ауруханадан жедел жәрдем өзі барып, тасымалдаймыз. Әр науқастын ауырлық нәтижесіне байланысты қараймыз. Байқоңыр қаласының кейбір тұрғындары бұған әлі үйренісе алмай жатыр. Қазақстан ДДСҰ бағдарламасымен жұмыс істейді, Отбасылық дәрігер, жалпы тәжірибелік дәрігер деп бөлеміз. Сол себептен, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері ересектерді, ал сейсенбі мен бейсенбіде балаларды қабылдаймыз. Байқоңыр ерекше қала болғандықтан, осылай тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жасадық», - дейді Махаббат Ахметова.

Мамандар өңірде медициналық қызметке жүгіну саны артқанымен ауру көрсеткіші бәсеңдегенін айтады. Алайда, экологиялық жағдай ақсап тұрғандықтан өңірде тыныс алу жүйесі аурулары көш бастап тұр.

«Тыныс алу жүйесі аурулары бойынша 6 мың 474, қан айналым жүйесі аурулары бойынша – 5 мың, эндокриндік жүйе аурулары бойынша 2 мың 792 дерек тіркелді»,- деп жауап қатты облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

«Барлық ауру түрімен кездесіп жатырмыз. Байқоңырда ауруханалар екіге бөлінеді. Ресейдің тарапынан үлкен аурухана, олар тек шұғыл көмек қажет ететін науқастарды қабылдайды, аяқ астынан авария бола ма, бірден сол жерге жіберіледі. Ал біздің емхана жоспарлы еммен айналысады. Поликлиникада отырып, бөлеміз. Шұғыл ем қажет науқастарды жолдама беріп, ресейлік ауруханаға жатқызамыз. Ал өзімізде жатқызу үшін алдымен заң бойынша порталға тіркейміз», - дейді жергілікті дәрігер Айнұр Жақыпова.

Фотода Айнұр Жақыпова

17 БӨЛІМШЕГЕ – 4 ДӘРІГЕР

Денсаулық сақтау мәселесінің түбегейлі шешілмеуінің бір себебі – өңірде дәрігер тапшы. Жүктемемен жұмыс жасап жүрген жергілікті мамандар құзырлы органдарға хат жазғанымен, мәселе әлі шешілмеген.

«Біздің басты проблемамыз дәрігерлер жетіспеушілігі. Ақайдың үш аймағына екі дәрігер отыр, Төретамның бес аймағына үш дәрігер, ал Байқоңырда 17 бөлімшеге 4 дәрігер отыр. Үлкен жүктемемен жұмыс істеп жатырмыз. Қалада жаңадан келген мамандарға үй бар, мекеме тарапынан бөліп қойған.10 шақты жаңа дәрігерге үй берілді. Бірақ сонда да бұл мәселе шешілмей тұр», - дейді дәрігер Айнұр Жақыпова.

Жергілікті ақ халаттылардың айтуынша, Байқоңырда қала статусы болғандықтан ауылдық елді мекендердегі мамандарға берілетін үстеме ақы мұндағыларға төленбейді екен.

«Мәселен, Байқоңырды қоршап тұрған аудандарда, Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы, Қазалы, Қызылорда облысындағы барлық ауданда жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге ауылдық үстеме ақы төленеді. Қателеспесем 30% үстеме ақша қосылады. Біздің мекемеге қалалық тип берілгендіктен, бізге ол үстеме төленбейді. Көбісі келеді, 3-4 ай жұмыс істейді де, осы мәселелер бойынша кетіп қалады», - дейді дәрігер Айнұр Жақыпова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, Байқоңырға дәл қазіргі уақытта жалпы тәжірибелі дәрігер, балалар хирургі, еесектер және балалар невропатологы, уролог, эндокринолог, акушер-гинеколог сындыжалпы саны 15 дәрігер қажет. Ал кадр мәселесі шешімін тапқанша, тұрғындар бейінді мамандардың консультациясы мен емін алу үшін басқа өңірлерге баруға мәжбүр.

Жансая Нұрғалиқызы

Comments
Other materials