Оспан батыр коммунистер қолынан қаза тапқан күн

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bBomeaxbqlgTTHN1x8dJm5k6h3YHas4pXNcXqJPS.jpg

Бүгін, 29 сәуір – Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық күрестің жетекшісі, қазақ халқының бостандығы үшін жанын қиған Оспан батыр Сіләмұлы қаза тапқан күн, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1899 жылы Алтай аймағының Көктоғай өңірінде туған. 12 жасында қазақ серкелерінің бірі Бөке батырдың қасына келген.  Көзі тірісінде батыс тарапынан "қазақтың алтын аңызы" деген атауға ие болған батыр Орта жүздің Керей-молқы әулетінен шыққан.

1911 жылы Бөке батырдың жағында қытайлар және орыстарға қарсы күрес бастаған Оспан батыр бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістанның қытайлар және орыстардан азат етілуін мақсат етіп қойған. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Қытай үкіметі тарапынан Шығыс Түркістан жеріндегі түркі халықтарына қарсы қысым күшейгенімен бірге түркі халықтарының жауап әрекеттері де күшейе түсіп, Оспан батырдың көтерілуіне себеп болған жағдай қалыптасқан.

Алтайды қытайлардан тазалай бастаған Оспан батыр 1943 жылы мақсатына жеткендей болып көрінді. 22 шілдеде Бұлғында жасалған жиында Оспан батыр Алтай қазақтарының ханы болып жарияланды.

1945 жылының басында Шығыс Түркістанда бірнеше қала сыртында бақылау көтерілісшілердің қолына түсті. Жағдай қытайлар үшін бұдан артық төзгісіз болып және одан да қауіпті жағдай қалыптаспайынша Қытай әскерлері өлкеде қатаң және жойқын операциялар өткізді. Тарбағатай және Алтайдан шығарылған Оспан батыр күресті отыз мың кісімен бастаса да 1950 жылдардың басында осы сан шамамен төрт мың ғана болды. Бұл санға әйелдер және бала-шаға да кіреді.

1951 жылы Қанамбалда қоршалған Оспан батыр тұтқын болды, Үрімжіге жөнелтілді. Ол сол жылдың 29 сәуірінде түрмеде атылды. Батырдың үлкен ұлы Шердиман әкесінің сүйегін 1953 жылы 12 ақпанда ғана алып, Алтайдың Көктоғай ауданына апарып мұсылманша жерледі.

Comments