Бір өзі бір армия. Төрт миллионға жуық оқушы оқу жылын аяқтады

212
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gmu2hE2hdz4XYlpmAdj1rJ7Ia8egquDIz4HLm7GG.jpg

Қазақстан мектептеріндегі оқушылар саны кейінгі 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Ресми дерекке сәйкес, 2025–2026 оқу жылын еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтап отыр. Оқушылар саны ең көп өңірлер қатарында Түркістан облысы, Алматы облысы және Алматы қаласы бар.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл бірінші сыныпта 389 мыңнан астам бала білім алған. Екінші сыныпта – 392 мыңнан астам, үшінші сыныпта – 404 мыңнан астам оқушы тіркелді. Ал төртінші сыныпты шамамен 391 мың оқушы аяқтады.

Бесінші сыныпта 373 мыңнан астам бала оқыса, алтыншы сыныпта 401 мыңнан астам оқушы білім алған. Жетінші сыныпта 386 мыңға жуық жасөспірім тіркелген. Сегізінші сыныпта 354 мыңнан астам, ал тоғызыншы сыныпта 364 мыңнан астам оқушы оқыды.

Ал оныншы сыныпта 232 мыңнан астам оқушы білім алса, 11-сыныпты 215 мыңнан астам түлек тәмамдады.

Сонымен қатар елімізде 9 және 11-сыныптарға арналған қорытынды аттестация өткізу тәртібі бекітілді. 9-сынып оқушылары үшін емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар төрт жазбаша емтихан тапсырады.

Ал 11-сынып түлектерінің мемлекеттік емтихандары 2026 жылғы 2–15 маусым аралығына жоспарланған. Түлектер бес емтихан тапсырады, оның біреуі ауызша форматта өтеді.

Comments