Осы демалыс күндері Қазақстанның кейбір тұрғындары интернет пен жекелеген онлайн-ресурстардың жұмысында іркілістерге тап болды. Оқиғаның себебін ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна".
Ведомство мәліметінше, ақау құрылыс жұмыстары кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдануына байланысты болған.
«Қазақтелеком» АҚ ұсынған ақпаратқа сәйкес, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафик өтетін негізгі бағыттардың бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған. Мамандар трафикті жедел түрде резервтік арналарға ауыстырып, байланыстың толық үзілуіне жол бермеді, – деп мәлімдеді министрлік.
Қазіргі уақытта зақымданған учаскеде қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Цифрлық даму министрлігі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін желі қалыпты режимде толық жұмыс істейтінін мәлімдеді.
"People who live in the village are not needed": The governor of Zhambyl district expressed his opinion about the people of the village
