Пашинянның партиясы сайлауда жеңіске жетті. Тоқаев құттықтау жолдады

201
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VjKvM5DusXGf4RKrhZLIyo9EsWEzvybi7gRdLfKn.jpg

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы бюллетеньдердің 100%-ы өңделгеннен кейін 49,81% дауыс жинады. Бұл туралы Report агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Азаматтық келісім» партиясына 727 160 сайлаушы дауыс берген. Бизнесмен Самвел Карапетянның «Күшті Армения» оппозициялық блогы — 23,29%, ал бұрынғы президент Роберт Кочарянның «Армения» блогы — 9,94%, бизнесмен Гагик Царукянның «Өркендеген Армения» партиясы — 4% дауыс жинаған. Қалған партиялар мен блоктар өту шегінен өте алмаған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Президент Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

 

Comments