Арменияның бұрынғы қорғаныс министріне іздеу жарияланды

96
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/I8vYo9SvosoZX3vVoFdNSaqRxBpGsnpDWsffFy5t.jpg

Арменияның бұрынғы қорғаныс министрі Виген Саркисян сырттай қамауға алынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Бұл туралы армяндық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Caliber.Az жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Мәліметке сәйкес, Саркисян Еревандағы Брюсов атындағы мемлекеттік университеттің мүлкін заңсыз иеліктен шығару ісі бойынша тергеуге тартылып отыр.

Аталған қылмыстық іс аясында бұған дейін бірнеше бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік қамауға алынған. Олардың қатарында Арменияның бұрынғы білім және ғылым министрі, Республикалық партия төрағасының орынбасары Армен Ашотян да бар.

Тергеу органдары күдіктілерге қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және шамамен 500 мың АҚШ долларын заңдастыру (ақшаны жылыстату) баптары бойынша айып тағып отыр.

Әзірге Виген Саркисянның нақты қай елде жүргені туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Тергеу амалдары жалғасуда.

Comments
Other materials