Атыраудағы қанды қылмыс. Жәбірленуші тарап айыпталушыдан моральдық өтемақы талап етті

102
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/323h48ZKtyNJnUHiHFjftuu66Ofcc2ABtzQynKdV.png

Атырауда төрт адамнан тұратын отбасының қазасына қатысты қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша сот отырысында жәбірленуші тарап сотталушы Сәрсемәлиевтен 70 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіруді талап етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жәбірленуші ретінде марқұм Мақсот Қарабалиннің әпкесі Әдемі Шілмағамбетова танылған. Ол Қарабалин және Өтешқалиев отбасыларының атынан моральдық өтемақы өндіру туралы талап-арыз берген. Өз кезегінде Сұлтан Сәрсемәлиев талаппен келісетінін, алайда оны өтеуге жеткілікті мүлкі мен қаржысы жоқ екенін айтты.

«Менің жалғыз байлығым – менің күндерім», – деді сотталушы сот барысында.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсанында полицияға 66 жастағы Мақсот Қарабалин, 64 жастағы Насип Өтешқалиева және олардың 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызының із-түзсіз жоғалғаны туралы хабар түскен болатын. Туыстарының мәліметінше, отбасы мүшелері қараша айынан бері байланысқа шықпаған.

Comments