Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) қолдайтын Fars News ақпарат агенттігі елдің ядролық тежеу әлеуетіне қол жеткізуі қазіргі геосаяси жағдайда маңызды қажеттілік екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Агенттік жариялаған түсіндірме мақалада ядролық тежеу қабілеті Иранға қарсы әскери іс-қимылдардың алдын алып, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні айтылған. Сондай-ақ мұндай қадам жаңа әлемдік тәртіп қалыптасып жатқан кезеңде «қажетті бейбітшілікті» сақтауға ықпал етеді деген пікір білдірілген.
Fars News мәліметінше, ядролық тежеу Иранға халықаралық келіссөздерге анағұрлым тиімді ұстаныммен қатысуға жол ашады. Агенттік бұл фактордың өзге даулы мәселелерді әскери емес, дипломатиялық жолмен шешуге жағдай жасайтынын атап өткен.
Бұдан бөлек, мақалада ядролық тежеу Иран, АҚШ және Израиль арасындағы күштер тепе-теңдігін қалыптастырып, ықтимал қақтығыстардың ауқымын бақылауда ұстауға ықпал етуі мүмкін деген болжам келтірілген.
Алайда бұл тұжырымдар Fars News агенттігінің көзқарасы болып табылады. Иран билігі ресми түрде елдің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсаттарға бағытталғанын бірнеше рет мәлімдеген.
Euro-cooperation: France plans to build a nuclear power plant in Uzbekistan, from which it imports uranium
