Президент сынынан кейін. «ҚазМұнайГаз» қызметкерлер санын қысқартты

484
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wY1L7JA1aivn5q1B55EzVNaT3QbuqitmnijhTQAi.webp

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының орталық аппаратында ауқымды қысқарту жүргізілді. Оңтайландыру аясында қызметкерлердің 10 пайызы жұмысынан босатылған. Кадрлық өзгерістер туралы Үкіметтегі брифингте ұлттық компания басқармасының төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«10 пайыз — бұл 47 адам», — деп нақтылады ол.

Журналистер жұмыстан босатылған топ-менеджерлер мен бас кеңсе мамандарына қандай әлеуметтік қолдау мен өтемақы қарастырылғанын, сондай-ақ бұл мақсатқа компания бюджетінен қанша қаражат бөлінгенін сұрады. Алайда «ҚазМұнайГаз» басшысы нақты сандарды атаудан бас тартып, бұрынғы қызметкерлердің құқықтары бұзылмайтынына сендірді.

«Барлығы еңбек заңнамасы мен нақты еңбек шарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі», — деді Хасенов.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қоры мен оның құрамындағы ұлттық компаниялардың құрылымы негізсіз ұлғайып кеткенін ашық айтқан еді.

Comments