Қарағандыда «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары үшін Ашық есік күні өтті

171
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3zYkOfdxYYItDZdq8kwtRfY2mrLGCGxnG9S9MlqF.jpg

2026 жылғы 9 шілдеде «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары үшін Ашық есік күні өтті.

«Қаржылық қауіпсіздік пен экономикалық сауаттылық – заңға бағынатын қоғамның негізі» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға 100-ге жуық жас қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар Департаменттің негізгі қызмет бағыттарымен танысып, құрылымдық бөлімшелерге экскурсия жасап, интерактивті алаңдар жұмысына қатысып, қызметкерлермен ашық форматта пікір алмасты. Қаржылық алаяқтықтың алдын алу, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шараларды өткізу Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ашықтық қағидатын ұстанатынын және жастармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға басымдық беретінін көрсетеді. Департамент тұрақты түрде жастардың құқықтық және қаржылық мәдениетін арттыруға, заңға құрметпен қарау құндылықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша олардың ақпараттық сауаттылығын нығайтуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Қоғамның сенімін арттыру және жастарды қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға тарту Департамент қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

Comments
Other materials