Әлем чемпионатының күнделігі. Көп ұшқан команда анықталды

85
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xZMgREkcAMQO487wLoad12tXTOWKZSjR1wuoCq8A.jpg

12 шілдеде өтетін ширек финалда Англия құрамасы Норвегиямен кездеседі, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Томас Тухель жаттықтыратын команда турнирдің басты фавориттерінің бірі саналғанымен, чемпионат барысында логистикалық қиындықтарға тап болды.  

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Англия құрамасы турнир басталғалы бері жалпы 12 998 шақырым әуе жолын еңсеріп, бұл көрсеткіш бойынша барлық қатысушы құрамалар арасында көш бастады. 

Одан кейінгі орындарда Испания (12 200 км), Парагвай (11 142 км), Швейцария (10 912 км) және Колумбия (10 860 км) орналасқан.  

Ағылшындардың негізгі оқу-жаттығу базасы АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында орналасқан. Алайда команда бұл қалада бірде-бір матч өткізген жоқ. Топтық кезеңде олар Даллас, Бостон және Нью-Йоркте өнер көрсетсе, плей-оффта Атланта мен Мехикода ойнады. Соған қарамастан, Англия футбол қауымдастығы құраманың базасын өзгертпей, Канзас-Ситиде қалдыру туралы шешім қабылдаған.  

Comments