Атырау облысында бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Соттың мәліметінше, айыпталушы бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде екі және одан да көп адамды өлтіру, алаяқтық, мал ұрлау және құжаттарды заңсыз иемденіп, жасыру фактілері бойынша кінәлі деп танылды. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыс 2025 жылы Атырау облысының Жангелдин ауылында жасалған. Алдымен бұрынғы жұбайының ағасы өлтіріліп, мәйіті ауладағы шұңқырға жасырылған. Кейін отбасылық жанжал барысында бұрынғы балдызы да қаза тапқан. Ал бірнеше айдан соң айыпталушы бұрынғы қайын атасы мен енесін өлтіріп, олардың мәйіттерін қора аумағына көмген.
Сот барысында айыпталушы әрекетін бұрынғы жұбайының туыстарымен арадағы ұзаққа созылған жанжалмен және психологиялық қысыммен байланыстырған.
Қылмыстан кейін ол бұрынғы жұбайымен бірге Қазақстаннан кетіп қалған. Алайда 2026 жылдың ақпан айында екеуі Индонезияның Ломбок аралында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Тергеу барысында бұрынғы жұбайының қылмысқа қатысы дәлелденбегендіктен, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылған.
2026 жылдың 14 шілдесінде сот айыпталушыны барлық айыптар бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.
