Қытай азаматын зорлауы мүмкін. Депутат күдікке ілінді

220
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VOdl27LYqtsAUU0DVmuBgQby9AHMGiekNLz6NEnI.jpg

Түркістан облысында Қытай Халық Республикасының азаматшасына қатысты болуы мүмкін жыныстық сипаттағы қылмыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Письма Президенту" телеграм арнасына сілтеп.

Әлеуметтік желілерде күдікті ретінде Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаевтың есімі аталып жатыр. Алайда құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын ресми түрде жариялаған жоқ. Түркістан облысы ПД дерегінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, қамауға алынды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқанын атап өтті. Тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Алматы тұрғынының Қытайдан келген инвесторларды Бәйдібек ауданындағы Байжансай ауылына алып барғаны, кейін олардың бірі зорлық-зомбылыққа ұшырады деген ақпарат тараған.

Құқық қорғау органдары тергеу аяқталғанға дейін күдіктінің кінәсі сотта дәлелденбейінше, оның кінәсіздік презумпциясы сақталатынын еске салады.

Comments