Шымкент қаласында Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Сот отырысында айыпталушы Шерхан Аймаханнан жауап алынды. Сотталушының айтуынша, ол Нұрай Серікбаймен 2025 жылдың шілде айынан бастап қыз-жігіт ретінде кездескен.
«Нұрайға қолма-қол ақша беріп тұрдым. Шымкентте жүрген кезінде 350 мың теңге бердім. Одан бөлек түрлі сыйлықтар сыйладым. Ол менің ай сайын Алматыға барып тұруымды талап етті», – деді айыпталушы сот барысында.
Оның сөзінше, 2025 жылдың 4 қазанында екеуі шаңырақ көтеруге шешім қабылдап, Алматыдан Шымкентке барған. Айыпталушы қызды үйіне алып барғаннан кейін одан қолхат жаздырғанын айтып, мұны ұлттық салт-дәстүрмен байланыстырды.
Сотталушы марқұмның анасы мен ағалары олардың қарым-қатынасы туралы білгенін атап өтті. Айыпталушының айтуынша, 2026 жылдың 11 қаңтарында ол Нұрай Серікбаймен арадағы қарым-қатынасты тоқтату мақсатында кездесуге шақырған.
«Сақинаны қайтарып, қоштасқым келді. "Айырылысамыз" деген кезде Нұрай ашуланып, сақинаны лақтырып жіберді. Кейін маған пышақ сұқты. Мен қалтамдағы кішкентай пышақты беріп, "ұрғанша, пышақта" дедім. Осыдан кейін не болғаны есімде жоқ», – деді ол.
Қазір сотта айыпталушыдан жауап алу жалғасып жатыр.
Еске салайық, 1997 жылы туған Шерхан Аймаханға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің некеге тұруға мәжбүрлеу, сталкинг және аса қатыгездікпен адам өлтіру баптары бойынша айып тағылған. Айыпталушының кінәсі заңды күшіне енген сот үкімі шыққанға дейін дәлелденген болып саналмайды.
Kazakhstani students will compete for the title of the best robotics in international competitions in the United States
Cultural scientist: Dimash Kudaibergen should be awarded with the title of "Hero of Labor of Kazakhstan"!
