Жапонияда жер сілкінісінен кемінде 13 адам қаза тапқан

154
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/e4RV0BYdsB6iHXbz6in2nYbnTUSCGJpAN30sKK3z.webp

Жапонияның оңтүстігінде 28 шілдеде болған жер сілкінісі салдарынан кемінде 13 адам қаза тапты. Бұл туралы ел премьер-министрі Санаэ Такаити мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

«13 адам көз жұмды», – деді ол журналистерге.

Қайғылы оқиға тіркелген Кумамото префектурасы билігінің мәліметінше, 10 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Сондай-ақ 37 мыңға жуық үй шаруашылығы электр қуатынсыз қалған.

Жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 баллды құраған. Табиғи апат сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:27-де Кюсю аралының ішкі бөлігінде болған.

Билік жоғалғандар саны мен жер сілкінісінен қатты зақымданған сауда орталығы ғимаратында қалып қоюы мүмкін адамдар туралы ақпаратты әлі де нақтылап жатыр.

Апаттан кейін көп ұзамай Токиодағы кеңсесінде журналистер алдында сөйлеген Санаэ Такаити зілзала салдарынан жолдар мен көпірлердің зақымданғанын жеткізді.

Айта кетейік, Жапония әлемдегі ең сейсмикалық қауіпті елдердің бірі саналады.

Comments
Other materials