Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Ұлттық бірлік пен әлеуметтік интеграцияны нығайту туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, ел құжаттың елді терроризм қаупінен түбегейлі арылтуға және қоғамдық бірлікті күшейтуге бағытталғанын айтты.
Президент әлеуметтік желідегі парақшасында заң жобасы жан-жақты консультациялардан кейін әзірленіп, қоғамның ортақ ұстанымын ескере отырып Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің қарауына ұсынылғанын хабарлаған.
«Бұл қадам Түркияны терроризм қаупінен біржола арылтып, ұлттық бірлік пен ынтымақты нығайтуға, сондай-ақ еліміз бен өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты күшейтуге оң әсер етеді деп сенемін», – деді Ердоған.
Мемлекет басшысы заң жобасын жетілдіруге және оны парламенттің қарауына ұсыну процесінің сәтті аяқталуына үлес қосқан барлық саяси партиялар мен депутаттарға алғыс білдірді.
Сондай-ақ Ердоған «Халықтық альянс» құрамындағы серіктесі, Ұлтшыл қозғалыс партиясының төрағасы Девлет Бахчелидің атқарған еңбегін ерекше атап өтті.
"Let Russia not forget that we also have nuclear weapons!" - The Prime Minister of the United Kingdom voted for Putin
The name of the National Institute of Harmonious Human Development, founded by Nazarbayeva, will change
