Мәдениет басқармасының бұрынғы қызметкері түрмеден мерзімінен бұрын босатылды

79
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9NxWrnDKiwjJ4E6yWoCCntQwFzon8MnyMrskmB8D.webp

Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Наиля Мулюкованың жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, мерзімінен бұрын босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) растады.

ҚАЖК мәліметінше, сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталушының жазасының өтелмеген бөлігі сот шешімі негізінде бас бостандығын шектеуге ауыстырылған.

Бостандыққа шыққаннан кейін Наиля Мулюкова пробация қызметінің есебіне қойылды. Енді ол сот белгілеген барлық талаптарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға қойылған шектеуді сақтауға міндетті. Сондай-ақ пробация қызметі оған жүктелген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстайды.

Еске салсақ, Наиля Мулюкова 2017 жылы Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған. 2023 жылы оған қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу бастаған. 2025 жылғы 5 маусымда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты экс-шенеунікті сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану баптары бойынша кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 12 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

 

Comments