Данияда Путин бюстінің басын ұрлап кетті

122
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QjX0MfoBit7L9hnena8NM3DD0YddzKJ08v3z9FUy.jpg

Данияның Орхус қаласындағы саябақта жергілікті Radio4 радиостанциясының жарнамалық науқаны аясында орнатылған Ресей президенті Владимир Путиннің бюсті қойылғаннан кейін бірнеше сағат өтпей жатып бүлінген. Бұл туралы елдің TV2 телеарнасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Биіктігі шамамен екі метр болатын мүсін апта басында қалалық саябаққа қойылған. Алайда орнатылғаннан кейін шамамен алты сағат өткен соң бюстің басы жоқ екені анықталған. Белгісіз адамдар мүсіннің басын кесіп алып, өздерімен бірге алып кеткен.

Кейін мүсіннің қалған бөлігі мен тұғырын Орхус муниципалитетінің қызметкері тауып, радиостанция өкілдеріне тапсырған.

Radio4 радиостанциясы жоғалған бөліктің қайда екенін анықтауға тырысып жатқанын мәлімдеп, оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін тұрғындарды хабарласуға шақырды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, Путин бюсті әлемдегі ең ықпалды әрі ең көп талқыланатын тұлғаларға арналған жоба аясында қойылған.

Comments
Other materials