АҚШ-тағы университет кампусында атыс болып, бес адам жараланды

152
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tDFpwSX90ZSnb5khTTHxMjHpwr29HHRkEwpFJZrj.webp

Фото: WWBT/AP

АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Ричмонд қаласынан шамамен 32 шақырым жердегі университет кампусында сенбі күні таңертең атыс болып, бес адам жарақат алды. Оқиғадан кейін оқу орнының аумағы уақытша жабылды. Бұл туралы The Guardian жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Честерфилд округінің полициясы оқиға орнына келгенде, студенттер жатақханаларының маңынан оқ жарақатын алған бес адамды тапқан. Зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Олардың төртеуінің жағдайы өміріне қауіп төндірмейтіні белгілі болды.

Университет әкімшілігінің хабарлауынша, атысқа бірнеше күдікті қатысуы мүмкін. Полиция да күдіктілердің саны бір адамнан көп болуы ықтимал екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта атысқа қатысы бар деген күдікпен ешкім ұсталған жоқ. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктілерді іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Comments
Other materials