Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Бұл туралы ҚТФ жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұл қазақстандық теннисшінің US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шығуының арқасында мүмкін болды. WTA-ның live-рейтингінде Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкодан озып, жаңа көшбасшы атанды. Рейтингтің ресми жаңартылған нұсқасы дүйсенбі, 14 қыркүйекте жарияланады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны құттықтап, жаңа белестерге батыл қадам баса беруіне тілектестік білдірді.
«Сіз айрықша талант пен тынымсыз еңбектің және өзіңізге деген нық сенімнің арқасында WTA рейтингінде көш бастап, биік шыңды бағындырдыңыз. Осынау тарихи жеңісіңіз қазақ спортының даңқын асырды. Есіміңіз әлемдік теннис жылнамасынан ойып тұрып орын алды. Сіздің жетістікке толы жолыңыз – еліміздің жас спортшылары мен дүниенің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйері үшін үлгі-өнеге. Сонымен қатар кортта да, қоғамдық орындарда да, жұртшылықпен қарым-қатынас барысында да байқалатын жоғары мәдениетіңізді айрықша атап өткім келеді. Бұл – сөзсіз сіздің парасатыңыз бен адами қалпыңыздың айқын көрінісі», – деп жазылған құттықтауда.
Айта кетейік, Елена Рыбакина жекелей сында әлемдік рейтингті басқарған Қазақстанның тұңғыш өкілі атанды. Бұған дейін еліміздің бірде-бір спортшысы әйелдер арасында да, ерлер арасында да – жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілмеген.
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge
